Казалинская детская музыкальная школа имени Коркыт Ата


Добро пожаловать на наш сайт!

Қазалы ауданындағы қосымша білім беру ұйымдарының бірі және бірегейі - музыка мектебінің тарихы сонау 60-шы жылдардың басынан бастау алған. Нақтырақ айтсақ, облыста алғаш боп 1964 жылғы 1 қыркүйекте Қазақтың атақты данышпан академигі Әлкей Марғұланның еңбектеріндегі дәлелдемелері бойынша Қазалы өңірінде (Жанкент шаһары) ұлы данышпандар: Қорқыт ата және Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген болса, сол киелі топырақта, Қазалы ауданының орталығы-Жаңақазалы қыстағында тұңғыш рет аудандық балалар музыка мектебі ашылды. Сол жылдан бастап өзінің музыкалық өмірін сиқырлы сазбен өрнектеген аудандағы бірегей өнер ошағы болған қарашаңырақ талай толағай таланттардың тамырына нәр берген киелі жерге саз өнерінің шыбығын шаншығанына ширек ғасырдан асып, бүгінде ол шынарлы бәйтерекке айналып шәкірттерін шынайы өнердің шыңына шығарған облыс бойынша өнегелі де, өрісті ұжымға айналды.
1964 жылы қыркүйекте ашылған музыка мектебінде ең алғаш 4 оқытушы бар болғаны 30 оқушымен баян, аккордеон, фортепиано кластары бойынша музыкалық білім беру жұмысын бастады. 
Мектептің алғашқы директоры-Өтемісов Жеңіс-педагог,баянист, дарынды ұйымдастырушы болатын. Кейінгі жылдары Ж.Өтемісов педагогика ғылымдарының кандидаты,Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка факультеті деканы, кафедра доценті, профессор атанды. 1973-80 жылдар аралығында мектепті Өржанов Садық, 1980-82 жылдары Ізмаханов Қараман,1982-1985 жылдары Анатолий Валентинович Цой, 1985-1990 жылдары Күнсұлу Отарбаева,1990-1996 жылдары Жақсыгүл Омарова атты ұстаздар басқарды. 1996 жылдан- 2012 жылға дейін музыка мектебін Раманқұл Әуез басқарды.1990-1996 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін Қожахметов Әділбек, 1996-2012 жылдары Қамшыбек Бақыткүл сынды ұстаздар атқарды. 2004 жылы мектеп директоры болып Р.Әуез жұмыс жасап тұрған тұста музыка мектебі осы күнгі екі қабатты жаңа ғимараттың жарты бөлігіне яғни аудандық білім бөлімімен бірге көшірілді. Мектепті басқарған азаматтардың қайсысы да өз кезеңінде бар іскерлік ұйымдастырушылық қабілеттері мен еңбектерін мектептің дамып, өркендеуіне жұмсап, өз үлестерін қосты. Бүгінде іргелі ұжымда жоғарғы және арнаулы орта білімді 55 оқытушы 628 оқушыға музыканың 13 бағыты бойынша дәріс береді. 2012 жылдан бастап ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі Әліш Сәукен Әлмәмбетұлы Қазалы аудандық балалар музыка мектебінің директоры қызметін абыройлы басқарып келеді. Қазақ халқының музыкасы күй, ән, жыр, би сынды бағыттардан құралады. Музыка-адамзаттың рухани байлығы. Бүгінде кез-келген қоғамды музыкасыз елестету қиын. Сондықтан да музыкалық тәрбие жас жеткіншектердің жан-жақты дамуына, мәдениетінің қалыптасуына аса қажет дүние. Музыка саласына тәрбиеленушілерді жүйелі түрде оқытып, болашақ маман етіп дайындауда музыка мектептерінің алатын орны ерекше. Елу жылдан астам аудан оқушыларына үздіксіз қызмет жасап келе жатырған өнердің киелі қарашаңырағына 2013 жылы мектеп басшысы Сәукен Әліштің бастамасымен және мектеп ұжымының толық қолдауымен мектепке Қорқыт Ата есімін беру туралы шешім қабылданып, құжаттар аудандық және облыстық ономастикалық жұмысшы тобының қарауына берілген болатын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қуанышты хабар келіп, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №842 қаулысымен Қазалы аудандық балалар музыка мектебіне Қорқыт Ата есімі берілді. 
Қазіргі таңда 2018-2019 оқу жылының басындағы мәлімет бойынша білім ордасында 55 мұғалім өз мамандықтары бойынша жұмыс жасап келеді. Олардың ішінде білімдері бойынша: Жоғары білімді мұғалімдер -42, арнаулы орта білімді мұғалімдер-13. Санаттары бойынша: Жоғары санатты-11, бірінші санатты-12, екінші санатты-18 мұғалім бар. Қаншама қиындық кезеңдерден өтсе де, соңғы жылдары өнерге деген көзқарас жақсарып, біршама жұмыстар жандандырылып келеді. Бұрын аудан орталығында бір ғана музыка мектебі болса,соңғы 10 жылдықта мектеп қанатын жайып, өнер ордасы музыкалық филиал кластары өзге де елді мекендерде ашылып, олар балалардың мұрағаты мол музыка мамандығының терең меңгеруіне себепші болып отыр. 

Атап айтқанда; Қазалы қаласынан (2004 ж), Басықара (2010ж) және Жалаңтөс (2011 ж) ауылдарынан филиал кластары ашылды. Қазіргі таңда мектепте 3 филиалды қоса есептегенде (Қазалы қаласы, Жалаңтөс батыр ауылы, Басықара ауылы) 628 оқушы мамандықтың 13 бағыты бойынша (домбыра, баян, фортепиано, қыл қобыз, прима қобыз, терме, вокал, скрипка, флейта, гитара, саксофон, виолончель, хореография мамандықтары) білім алуда. 2013-2014 оқу жылынан бастап кент орталығынан мектеп басшысы бастамасымен классикалық аспаптар: гитара, скрипка, саксофон мамандықтары, 2015-2016 оқу жылында вокал, 2017-2018 оқу жылында виолончель және Қорқыт атаның қыл қобыз мамандықтары қатарға қосылып ол аудан халқының қолдауы мен балалардыңүлкен қызығушылығын тудырып, таланттардың өнерге деген қызығушылығын арттырып келеді. Бір айта кетерлігі музыка мектебінің басқа үйірмелерден ерекшелігі (Оқушылар үйі т.б) оқушыларды кәсіби маман болып шығу үшін жұмыс жүргізеді және оқушыға мектепті бітіргендігі туралы арнайы куәлік беріледі. Балаларға білім стандарттарына сай сапалы музыкалық білім беру үшін мектеп оқытушылары арасында нәтижелі, жүйелі жұмыс үшін заңды бәсекелестікке қол жеткізілген.

 

 

Главная | О нас | Новости | Услуги | Пишите нам
© Все права защищены.
Web-4-U - Бесплатные сайты